«Тұңғыш президент»
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті.
Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб
Әдіс– тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші:
- Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.
Тәрбиеші:
- Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
Балалар:
- Тұңғыш президент күні
- Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?