Түймедақ

Мақсаты:Балалардың гүлдер жайлы түсінігін арттыру.Түймедақ жайлы қарапайым түсініктер беру,сүйіспеншілікке,еңбекке  тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді суреттер. Тақтай, ермексаз.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік қор: Түймедақ.гүлдер

Мотивациялық-қозғаушылық:  Түймедақпен танысады, « Гүлдердің түрлерін, түстерін ата» ойынын ойнайды.

 1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.

Армысың ! Алтын күн,

Армысың! Жер ана.

Армысың! Достарым,

Армысың!апайларым.

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым.

2.Іс-әрекет кезеңдері: Балаларға үлгіні көрсетіп,түймедақты ермексазбен қалай жасауға болатынын түсіндіреміз.

Ұйымдастырушылық кезең:Тақтайды аламыз. Түймедақты үлгісіне қарап, ермексазбен жасаймыз.

3.Сұрақ-жауап.

.Балаларға сұрақтар қою.

-Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?

- Түрлерін  атаңдаршы?

-Қызғалдақ пен түймедақтың айырмашылығын атаңдаршы?

-Кімге қандай гүл ұнайды?

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың.

Құлпынайы көп екен.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

4. Ойын: «Гүлдердің түрлерін ата»

Мақсаты: ойын арқылы балалардың танымын арттыру.

5.Рефлексиялық-түзетушілік: Балалардың жасаған жұмыстарына қарап шығады. Сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Гүлдер жайлы біледі.Ермексазбен түймедақты жасайды.

Игерді:гүлдерді, бояуды, түстерді ажыратуды.

Меңгерді:Үлгіге қарап ермексазбен жұмыс жасайды.

Тапсырманы ұқыпты орындай алады.